Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы
Қызылорда облысының әкімі
15265 28.03.20, 10:58
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы туған.
Білімі:
1987 ж. – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, мамандығы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1987-1994 жж. – Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы.
1994-1995 жж. – ҚР Жоғары кеңесі халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты.
1995-1996 жж. – ҚР халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары.
1997-2003 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат департаменті директорының орынбасары, директоры.
2003-2005 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2005-2006 жж. – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2006-2007 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2007-2008 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2008-2009 жж. – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы.
2009-2012 жж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.
2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
25 ақпаннан - 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2019 жылдың 4 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік және мәдени даму комитетінің төрағасы.
2020 жылдың 28 наурызынан бастап – Қызылорда облысының әкімі.
Мемлекеттік наградалары: «Парасат» ордені, «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдары.