Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы

ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары

8065
Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы

Қайрат Әбдірахманов 1964 жылы 21 сәуірде дүниеге келген.  

Білімі:

1987 ж. - Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

1991-1993 жж. - аспирант Казахского государственного университета.

Еңбек жолы:

1987-1991 жж. -  В.И. Ленин. атындағы Қазақ политехникалық институтының саяси тарих кафедрасының оқытушысы. 1993-1997 жж. - третий, второй секретарь, заведующий отделом, заместитель начальника управления стран Азии Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

1997 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Азия елдері департаменті директорының орынбасары.

1997-1998 жж. -  Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бастығы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 4-ші департамент директорының орынбасары.

1998-1999 жж. -  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 3-ші департаментінің директоры.

1999 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екі жақты қатынастар департаментінің директоры.  

1999-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 

2001-2003 жж. -  Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің министр-кеңесшісі.

2003-2006 жж. -  Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007-2008 жж. -  Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі.

2008 ж. - Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі.

2008-2011 жж. -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі.

2011-2013 жж. - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі.

2013-2016 жж. -  БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі.

2016-2018 жж. - Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрі.

2019-2020 жж. -  Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2020 жылдың 4 желтоқсанынан - ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу