Әбдірахымов Ғабидолла Рахмотуллаұлы
Қазақстан Республикасы экс-мәдениет және спорт вице-министрі
30269 01.10.21, 19:18
Ғабидолла Әбдірахымов 1973 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
1996 ж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.
1997-1999 жж. – Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін (Неміс әкімшілік ғылымдары жоғары мектебі, Шпайер қаласы) «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшіліктік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1996-1997 жж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің қаржы және банк істері кафедрасының ассистенті.
1999-2001жж. – ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі.
2001-2003 жж. – ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары.
2003-2005 жж. – ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттік төрағасы.
2005-2008 жж. – ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары.
2008-2012 жж. – ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттік төрағасы, ҚР Премьер-министрі кеңсесі жетекшісі.
2012-2013 жж. – ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2015-2017 жж. – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2017 жылдың қазаны – 2018 жылдың маусымы – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
2018 жылдың 20 маусымынан – 2019 жылдың 3 шілдесіне дейін – Шымкент қаласының әкімі, 2019 жылдың 17 қазанында осы лауазымға қайта сайланды.
2018 жылдың - 20 шілдесінен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы филиалы басшысы.
2019 жылдың 13 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.
2019 жылдың 13 қыркүйегінен 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.
2021 жылдың 21 қаңтарынан Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі.
2021 жылдың 1 қазанынан бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Үкімет қаулысымен Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды