Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы

Талдықорған қаласының әкімі

14496
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы 14 мамырда дүниеге келген. 

Білімі:

1988 ж. – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. 

2003 ж. –  «Тұран» университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.

1992-1993 жж. – Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының «техник-құрылысшысы»

1993 ж. – Луговой ауданы бас сәулетшісінің көмекшісі. 

1993-1995 жж. –  «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы.

1995-1998 жж. –  «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры.

1998-2000 жж. – Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры;

2000-2002 жж. – Алматы облысы сәулет-құрылыс жұмысын лицензиялау мемлекеттік орталығы директоры.

2002-2003 жж. –  Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы.

2003-2004 жж. –  Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары.

2004-2005 жж. –  Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы.

2005-2009 жж. – Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы.

2009 ж. – Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы.

2009-2013 жж. –  Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде  департамент директоры, мемлекеттік құрылыс инспекторы.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылдың қыркүйегі – 2015 жылдың қаңтары –  Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.

2015 жылдың 27 қаңтары – 2017 жылдың 22 қарашасы – Алматы облысы әкімінің орынбасары.  

2017 жылдың 22 қарашасы – 2018 жылдың 23 сәуірі – Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2018 жылдың 23 сәуірінен – 2019 жылдың 12 сәуірі – Тараз қаласының әкімі.

2019 жылдың 12 сәуірінен -  Талдықорған қаласының әкімі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу