Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
16517 18.09.26, 10:21
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
Білімі:
ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл ат. Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген.
Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
09.1982 – 06.1997 жж. – ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.
06.1997 – 05.2000 жж. – Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.
05.2000 – 09.2002 жж. – Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.
09.2002 – 06.2005 жж. – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
06.2005 – 09.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.
09.2009 – 08.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
08.2020 – 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
09.2020 – 01.2022 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 784 Жарлығымен бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметін атқарды.
Мемлекеттік наградалары:
"Парасат", "Құрмет" ордендерімен, ТМД ПАА-ның "Содружество" орденімен, медальдармен марапатталған.