Әбілқасова Анар Сайранқызы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің төрағасы

3329
Әбілқасова Анар Сайранқызы

Анар Әбілқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1997 ж. -  Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірген.

2000 ж.- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.

2004–2009 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2009–2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылдың 22 мамырынан -  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің төрағасы

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу