Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы 

13373
Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы

Мәдина Әбілқасымова1978 жылы 1 тамызда туған. .

Білімі:

1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.

2003-2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.

2004-2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры

2006-2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011-2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары 

2013-2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

2014-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

2019 жылдың 12-18 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың 28 наурызынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.  

Басқа қызметтері:

2011 жылдың қыркүйегі. – 2013 жылдың мамыр – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың желтоқсанынан – ҚР президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

2016 жылдың желтоқсаны - 2018 жылдың ақпаны – «Зерде» Ұлттық ақпараттықкоммуникациялық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу