Әбішев Марат Баянұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы
6615 24.02.23, 21:42
Әбішев Марат Баянұлы 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
ІІ дәределі «Айбын» Iорденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын прокуратура органдарында 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастады. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдар аралығында Қарағанды облысы прокуратурасының Азаматтық істер жөніндегі сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім прокуроры, прокуроры, аға прокуроры лауазымдарын атқарды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаменті басқармасының прокуроры, аға прокуроры болып жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.
2010-2017 жылдар аралығында Басқарманың аға прокуроры, бөлім бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Соттарында мемлекет мүдделерін білдіру жөніндегі департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2017-2019 жылдары Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.
2019-2023 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Бас Прокурордың 2023 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.