Әбсаттаров Қайрат Бектайұлы
Жезқазған қаласының әкімі
12950 14.08.20, 15:18
Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы 21 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1990 ж. - Қарағанды политехникалық институтын «автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.
1998 ж. - Жезқазған университетін «экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Мәскеу қаласындағы «МИСжС» ҰҒТУ-да оқыған.
Іскери әкімшілдендіру магистрі.
Еңбек жолы:
Автокөлік саласының өндірістік кәсіпорындарда, Жезқазған облыстық әкімшілігінде қызмет істеген.
1998-2003 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері.
2003-2006 жж. - Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бөлім меңгерушісі.
2006-2010 жж. – «Қазақтелеком» АҚ-ның атқарушы директоры, бас әкімшілік директоры.
2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрлігінде жауапты хатшы.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
2013 жылдың наурыз- қазаны – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы.
2013 ж. – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2015 ж. –Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2015-2018 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директоры- Басқарма мүшесі.
2018-2019 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 25 сәуірінен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.
2020 жылдың 14 тамызынан – Жезқазған қаласының әкімі.