Абылханов Ержан Дауылбайұлы
Атырау облысы әкімінің орынбасары
15904 17.01.20, 21:10
Ержан Абылханов 1984 жылы 28 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
2006 ж. - Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай-газ кен орындарын өңдеу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 ж. - «Болашақ» бағдарламасымен Малайзия технология университетін «химия және табиғатты пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Ойл Технолоджи Оверсис» компаниясында өндіру жөніндегі инженер қызметінен бастаған.
2010 ж. - Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы «Салым Петролеум Девелопмент» компаниясында өндіріс технологы.
2010-2019 жж. - Ақтау қаласындағы «Каспий Меруерты Оперейтинг компани» серіктестігінде өндіріс технологы, аға инженер, компанияның техникалық директоры.
2019 жылғы ақпан-қараша аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымында.
2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап – Атырау облысы әкімінің орынбасары.