Ахмет Серік Әбжәлелұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары 

4145
Ахмет Серік Әбжәлелұлы

Серік Ахмет 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Әр жылдары тарих және қоғамтану мұғалімі болып жұмыс істеген. Қарағанды облыстық ЛКСМ комитетінің хатшысы болған.

1995-1997 жж. – Қарағанды облысы Киров ауданы әкімінің орынбасары. 

1997-1998 жж. – Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 

1998-2004 жж. – коммерциялық қызметпен айналысқан.   

2004-2006 жж – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының көмекшісі. 

2006 ж.- Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы. 

2007-2008 жж. –  «Nur Otan» ХДП Орталық аппаратының сараптама және жастар саясаты департаментің директорының орынбасары.

2008-2011 жж. -  Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясы хатшылығы меңгерушісі – ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің инспекторы.

2011-2013 жж. -  Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.   

2014-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі. 

2019 жылдың 19 маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу