Ахметов Альтаир Амангелдіұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі
6836 21.08.19, 11:58
Альтаир Ахметов 1979 жылы 10 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
2000 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
2014 ж. - Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham, заң ғыымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
2000-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе
2003-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі.
2011-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары
2015-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.
2016-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры
2019 жылдың 19 сәуірінен - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры.
2019 жылдың 21 тамызынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі.