Ахметов Мәди Абылайұлы
Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
638 25.12.23, 11:15
Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2017 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша (әлеуметтік білім бакалавры), ал 2019 жылы – «Саясаттану» мамандығы бойынша (әлеуметтік ғылымдар магистрі) бітірген. Студенттік кезінен бастап Мәди Абылайұлы ҚазҰУ-дың қоғамдық өміріне белсене ат салысты.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің «Медиасфера» гуманитарлық орталығында ғылыми стажер болып бастады. «Қазақ елі» республикалық экспедициясына қатысты.
2016 жылы – Алматы қаласы Алатау ауданы белсенділерінің координаторы болды.
2017 жылы – Дүниежүзілік қысқы Универсиадада бес жүз еріктінің үйлестірушісі қызметін атқарды.
2017 жылдың наурыз айы –"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды.
2018 жылдың басы – "Jas Qadam" қоғамдық қорын құрды.
2018 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін – Халықаралық бизнес университетінде қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың ақпанына дейін – «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
2019 жылы – Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2021 жылғы 15 қаңтардан 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7-сайланым депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі (2022 жылы «Аманат» партиясы болып өзгертілді).
2023 жылғы 23 желтоқсаннан бастап — Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.