Ахметова Ақерке Естайқызы
Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі
4683 18.09.19, 17:35
Ақерке Ахметова 1975 жылы 18 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын,
Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1991-2000 жж. - коммерциялық салада жұмыс істеді.
2000-2015 жж. - ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары.
2015-2017 жж. - ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры.
2018 жылдың наурызынан – 2019 жылдың қыркүйегі аралығында - ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры.
2019 жылдың 18 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі.