Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.

3529
Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы

Нұрболат Айдапкелов 1979 жылғы 22 шілдеде Жамбыл облысында туған.

Білімі:

2000 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

2002 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМҚ-да жұмыс істеді

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жетекші маманы

2003-2007 жылдары - «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның бас маманы, Қаржы департаментінің директоры

2007-2008 жылдары - «КАЗАгро «ҰҚ» АҚ-ның басқарушы директоры

2008-2009 жылдары - «КазАгроГарант» АҚ-ның басқарма төрағасы

2009 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін - «Astana Knowledge City» АҚ консультанты

2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

2011-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы

2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Департаментінің директоры

2015-2016 жылдары - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды

2016 жылғы 26 мамырдан бастап 2020 жылғы 28 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы 28 қазаннан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, «Статистика үздігі» төсбелгісі.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу