Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы   

757
Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Фото: primeminister.kz

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2010-2022 жылдары  ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: ҚР Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы 11 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу