Айдаров Алмас Айдарұлы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
16510 03.02.20, 13:31
Алмас Айдаров1983 жылы 25 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
2004 ж. - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін
2009 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек өтілі:
2004-2006 жж. - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да ішкі аудит жөніндегі маман, инвестиция жөніндегі инженер.
2006 ж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы.
2006-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасында сарапшы болып жұмыс істеді.
2012-2014 жж. - «ОХК Инжиниринг» ЖШС басқарушы директоры.
2014-2017 жж. - «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры - басқарма мүшесі.
2017-2020 жж. - Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ индустрияландыру және инвестициялар жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың 3 ақпанынан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.