Айдос Серікханұлы Майлыбаев

Айдос Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. 

2796
Айдос Серікханұлы Майлыбаев Фото: ҚР Бас прокуратура

А.С. Майлыбаев еңбек жолын 2001жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. 

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

Прокуратура органдарының құрметті қызметкері Айдос Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу