Айтаханов Ерлан Қуанышұлы

Шымкент қаласының әкімі

4660
Айтаханов Ерлан Қуанышұлы

Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 

Білімі:

1994 ж. - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң акдемиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 

Экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолы:

1994-1995 жж. -  «Alem Bank Kazakhstan» экономисті. Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі бас маманы.  

1995-1997 жж. -  «Газойл» фирмасының қаржылық директоры.

1997-1998 жж. - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзара есепке алу бөлімінің басшысы.

1998-2000 жж. - «Қазақстан темір жолы» РМК-ның «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» РМК басшысы орынбасары, қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының басшысы, қаржы және бухгалтерлік есеп, экономика депаратаментінің басшысы.

2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2003-2006 жж. -  ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының кеңесшісі. Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі департаментінің директоры.

2006-2009 жж. - Алматы қаласының тарифтер жөніндегі басқармасы басшысы. Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті басқармасының басшысы. ҚР Қаржы министрлігінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау комитеті басшысы.

2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы. 

2014-2016 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2016-2019 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі. 

2019 жылдың 30 шілдесінен – Шымкент қаласының әкімі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу