Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Шымкент қаласының әкімі
24174 01.12.22, 11:08
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.
Білімі:
2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
2004-2006 жж. – еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 жж. - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 жж. - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.
2019 жылдың 27 желтоқсанынан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
2020 жылдың 21 қаңтарынан – Шымкент қаласының әкімі, 2022 жылдың 1 желтоқсанында осы лауазымға қайта тағайындалды.