Әйтімова Бірғаным Сариқызы

Қазақстан Республикасы сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары 

6836
Әйтімова Бірғаным Сариқызы

Бірғаным Әйтімова 1953 жылы 26 ақпанда дүниеге келген.

Білімі:

1974 ж. - А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.   

Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 

Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық рангіне ие. 

Еңбек жолы:

1974-1987 жж. – ауыл мектебінде ағылшын тілі мұғалімі; совхоздағы ЛКЖО комитетінің хатшысы; Орал облыстық ЛКЖОК-ның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі,Орал қалалық ЛКЖОК 1-хатшысы, Орал облыстық ЛКЖОК 1-хатшысы. ЛКЖОК ОК-ның  идология жөніндегі хатшысы.  

1988-1990 жж. - В. Ленин атындағы бүкілодақтық балалар қорының Қазақстандық филиалы төрағасының орынбасары.

1993-1996 жж. –Қазақстан Республикасы жастар, туризм және спорт ісі жөніндегі министр.   

1996 ж. – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты. 

1996-2004 жж. – Қазақстанның Израиль, Ииалиядағы елшісі.

2004-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 

2005-2007 жж.  – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі. 

2007-2013 жж. – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі, сондай-ақ Кубадағы елші қызметін қоса атқарған.  

2012-2013 жж. – Соломон аралдарында елші.

2013-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатында депутат, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі,  әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті төрағасы. 

2019 жылдың 1 қазанынан -  Қазақстан Республикасы сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу