Айтқұрман Омарбеков

Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. 

131
Айтқұрман Омарбеков Фото: gov.kz

– Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Туған жері және жылы:

1977 жыл, Абай облысы.

Білімі:

Ресей Федерация Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті, мамандығы «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру»;

Еуразия гуманитарлық институты, мамандығы «Юриспруденция».

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Мансап

1997-2014 жж. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланындағы қызмет.

2014-2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.

2022 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2022 жылғы ақпанда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер Қолбасшысы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қазандағы №1057 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры" арнаулы атағы берілді.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу