Ақбердин Ринат Олегұлы

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 

4766
Ақбердин Ринат Олегұлы

Ринат Ақбердин 1979 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. 

Білімі:

2000 ж. - Орынбор мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойыншы тәмамдаған. 

2018 ж. – Еуропа университетінде халықаралық бизнес бойынша магистратураны бітірген. 

Еңбек жолы:

2002-2003 жж. - «Батыс-Мұнай» ЖШС бас директорының орынбасары.

2003-2005 жж. - «Каспий-Мұнай ТМР» ААҚ-ның жабдықтау департаменті маманы.

2005-2008 жж. - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мұнай-газ көлігін реттеу бөлімінің бастығы, басқарма төрағасының көмекшісі.

2008-2010 жж. - ҚР Премьер-Министрі кеңсесі басшысының кеңесшісі, Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2010-2011 жж. – «Қорғас» ШЫХО АҚ аппараты жетекшісі. 

2011-2012 жж. – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры- басқарма мүшесі. 

2012-2013 жж. – «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарушы директоры- басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары. 

2013-2014 жж. -  «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.

2014-2018 жж. - «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасының орынбасары.

2018-2019 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның даму және сауда жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы, даму және сауда жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі.

2019 жылдың 30 сәуірінен - «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу