Ақмарал Әлназарова
Денсаулық сақтау министрі
861 06.02.24, 18:51
Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы
Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
- 16.02.1971 Қызылорда қаласында туған.
- Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)
- «Педиатрия» мамандығы»
- Қорқыт Университеті (2006)
- «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры
- Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
- Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- Медицина ғылымдарының докторы (2010)
Еңбек өтілі:
- Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
- Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
- Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
- Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
- Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
- Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
- Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
- Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
- «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)
- Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
- Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020);
Партияға қатыстылығы:
«Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- «Парасат» ордені;
- «Құрмет» ордені;
- Медалдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»;
- «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
- «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)