Ақшолақов Болат Оралұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі  

33739
Ақшолақов Болат Оралұлы

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

1993 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы — экономист.   

1998 ж. – Мұнай-газ өнеркәсіптік білім орталығында «Жер қойнауын пайдалаунға арналған келсімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндірудің экономикасы» мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолы:

1994-1995 жж. – экономист, Alem Bank Kazakhstan бас экономисі.

1995-1997 жж. – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары.

1997-2001 жж. – «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары.

2001-2003 жж. – Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры. 

2006-2008 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры.

2006–2008 жж. - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі.

2008–2011 жж. — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры.

2010 жылдың маусымы – 2011 жылдың қазаны – PSA ЖШС бас директоры.

2011 жылдың қазан-желтоқсаны – «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы. 

2012 жылдың қаңтары – 2014 жылдың тамызы – ҚР мұнай және газ вице-министрі. 

2014 жылдың қыркүйегі – 2016 жылдың ақпаны – Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.

Февраль 2016 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың қарашасы – 2016 жылдың ақпан айынан бастап — KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.  .

2017 жылдың 28 қарашасынан – 2019 жылдың 4 сәуірі аралығында – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі.

2019 жылдың 4 сәуірінен - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
 

Басқа қызметтері:

2006-2009 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2008 жылдың ақпан-қазаны – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 

2009 жылдың ақпаны – 2010 жылдың маусымы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және KEGOC АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың 9 қыркүйегінен – Азия-Тынық мұхит федерациясы ЮНЕСКО клубтарының президенті.

Мемлекттік наградалары: «Құрмет» ордені.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу