Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы
Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің экс-жауапты хатшысы
5136 19.07.19, 11:40
Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов 1962 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1984 ж. – Алматы сәулет-құрылыс институтын «құрлысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
2005 ж. – Д.А.Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1988 ж. – В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын тәмамдаған.
1988 ж. – Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1988-1989 жж. – Алматы құрылыс институтының аға ғылыми қызметкері.
1989-1993 жж. – Бұрындай ПО қабырға материалдары бас директорының орынбасары.
1993-1994 жж. – «Алма» фирмасының бас директоры.
1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Қазагромелиосушар ВСК басқармасының басшысы.
1995-1996 жж. – «Алма»фирмасының бас директоры.
1996-1999 жж. – Алматы қаласы бойынша баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары.
1999-2004 жж. – Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры.
2004-2006 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
2006-2007 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары
2007-2011 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.
2011-2017 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы.
2019 жылдың 28 наурызынан – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы