Алексей Владимирович Цой
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

45 14.10.25, 14:44
Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі:
– 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған.
– 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.
Еңбек жолы:
– 2001-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» хирург-эндоскопист болып жұмыс істеді.
– 2002-2004 жылдары «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аймақтық даму менеджері қызметін атқарды.
– 2007 жылдан бастап Президент Іс басқармасы жүйесіндегі Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, кейін директор болды.
– 2010-2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.
– 2011-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты №1 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.
– 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.
– 2017-2019 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
– 2019 жылдың ақпанынан бастап – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы.
– 2020 жылғы 22 маусымнан бастап – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.