Әлішев Руслан Қанатханұлы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
4823 16.04.19, 18:28
Әлішев Руслан 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.
Білімі:
1997 ж. - Петропавл экономика және құқық колледжін
2001 ж. - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін
2006 ж. - А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2004-2009 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2010-2013 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.
2013 ж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.
2014-2016 жж. – «Нұр Отан» орталық аппаратының саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.
2016 жылдың қаңтары – 2018 жылдың мамыры - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2018 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі -Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы.
2019 жылдың 16 сәуірінен - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.