Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

101 18.03.25, 15:13
Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (1992 ж.). Мамандығы – механика;
Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2013 ж.), экономика магистрі;
Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2015 ж.), Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі;
Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2016 ж.), Басқарушы кадрлар бағдарламасы.
Мансап
1992-1997 жж. – «ТаССаТ» ЖШС директоры
1997-2001 жж. - «Қазтрансойл» ЖАҚ Жобаларды басқару департаментінің бастығы
2001 – 2006 жж. - «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті
2006 – 2007 жж. - «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры
2007 ж. – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі
2007-2011 жж. – «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы
2011-2012 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры
2012-2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы
2018 ж. – «KAZENERGY» ЗТБ төрағасының орынбасары
2018-2021 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры
2021-2023 жж. – АҚ «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы
2023 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.