Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы

ҚР Денсаулық сақтау министрі  

1887
Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Фото: primeminister.kz

Ақмарал Шәріпбайқызы 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.

1997–1999 жылдары – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызылордалық филиалының кіші ғылыми қызметкері.

1999–2001 жылдары – Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары.

2001–2003 жылдары – Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.

2003–2004 жылдары – Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2005–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының басшысы.

2007–2013 жылдары – Қызылорда медициналық колледжінің директоры.

2013–2014 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2014–2015 жылдары – Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2015–2019 жылдары – Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2019–2020 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2020–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты.

2024 жылғы 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу