Алпысов Ермек Амантайұлы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі

17292
Алпысов Ермек Амантайұлы

Ермек Алпысов 1971 жылы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында, Неждановка ауылында дүниеге келген.  

Білімі:

1993 ж. – Алматы қаласындағы Абай атындағы Ұлттық университетін бітірген.

2005 ж. – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:

1993 жылы - Алматы қаласының №156 орта мектепте география пәнінің мұғалімі.

1999 жылдың наурызынан - 2001 жылдың қазанына дейін «Бектауата» ЖШС-да бухалтер.

2001 жылы желтоқсан - 2004 жылға дейін Алматы облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші, бас маманы, инспекторы, кейін бөлім бастығы болды.

2004 жылы шілдеден 2008 жылдың ақпанына дейін - Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімнің орынбасары.

2008 жылдың ақпанынан - 2012 жылдың қаңтарына дейін Талдықорған қаласының әкімнің орынбасары болды.

 2012 жылдың 25 қаңтарынан- 2015 жылдың қараша аралығында - Талдықорған қаласының әкімі.

2015-2017 жж – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдың 18 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу