Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы

Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі 

3185
Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

1998 ж. – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын

2018 ж. – Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 

Еңбек жолы:
1998 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің жобалар жасау және құқықтық сараптама бөлімінің аға маманы.  

1998-2003 жж - бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры.

2003-2006 жж.- зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі төрағасының орынбасары.

2006-2009 жж - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама бөлімі басшысының орынбасары.

2009-2011жж. - «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы.

2011-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Заң бөлімінің меңгерушісі.

2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.

2019-2020 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылғы 27 қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу