Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
Алматы облысының әкімі
358 04.09.26, 10:32
Шыңғыс Әрінов 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
2026 жылдың 4 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сонымен қатар ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.