Артықов Бауыржан Шубайұлы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 

721
Артықов Бауыржан Шубайұлы Фото: ortcom.kz

Білімі:

1) 1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсы (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері);

2) 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;

3) 2006 жылы – «Қайнар» университеті (Педагогика және психология);

2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери және әкімшілік басқару);

4) 2019 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери істегі стратегиялық менеджмент).

Мансабы:

1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының № 24 орта мектебін тәмамдады.

1991 жылдан бастап 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет өткерді. 

Взвод командирінен бастап Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет өткерді.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы.

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және "мінсіз қызметі үшін" медальдарымен наградталған.

Үйленген, 4 баласы бар.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу