Аружан Саин

Қазақстан Республикасының бала құқығы жөніндегі уәкілі

7089
Аружан Саин

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда дүниеге келген. 

Білімі:

1993 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетінде оқыған. 

Еңбек жолы:

1993-1994 жж. - «Хабар» телеарнасында күнсайынғы «Разминка» бағдарламасының тележүргізушісі. 

1994-1999 жж. - «Быстро и вкусно», содан кейін «Звездное меню» кулинарлық бағдарламасының тележүргізушісі.

1994-2000 жж. - «Еркемай» балаларға арналған ойын бағдарламасының тележүргізушісі.

2006 ж. -  «Ел Арна» телеарнасында «Мамина школа» танымдық-сауықтыру бағдарламасының тележүргізушісі.

2010 ж. - «Спокойствие, только спокойствие» ток-шоуының тележүргізушісі.

2011 ж. - «Подари детям жизнь» бағдарламасының тележүргізушісі.

2019 жылдың 18 шілдесінен бастап -  Қазақстан Республикасының бала құқығы жөніндегі уәкіл.

Басқа қызметтері:

1994 ж. - «Аружан и компания» продюсерлік орталықтың негізін қалаушы.

2006 ж. - «Милосердие» ерікті қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы.

2016 жылдың 29 наурызынан бастап – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі. 

Мемлекеттік наградалары:  «Алтын Журек» .

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу