banner

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры  

5782
Арыстанбек Мұхамедиұлы

Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы Алматы облысының Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.   

Білімі:

1986 жыл  – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын виолончель сыныбы бойынша бітірген.  

1997 жыл – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған. 

2001 жыл – Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдаған. 

2003 жылы «Қазақстан – ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.  

Еңбек жолы:

1984-1991 жж. –  Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Мемлекеттік симфониялық оркестрдің әртісі.

1991-1993 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бас маманы.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі.

1994-1996 жж. – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директор-әкімшісі.  

1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясының Президент оркестрінің басшысы.   

2001-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры. 

2005-2006 жж. –  «Қазақ әуендері» АҚ президенті.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі. 

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.  

2008 жылдың сәуірі – 2014 жылдың наурызы – Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының ректоры. 

2014 жылдың 11 наурызы – 2014 жылдың 6 тамызы – Қазақстан Республикасы мәдениет министрі.  

2014 жылдың 6 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі.  

2019 жылдың 10 шілдесінен -  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, ҚР Президентінің алғыс хаттары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу