Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары 

16974
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген. 

Білімі:

1993 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген, экономист. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

2003-2004 жж. – АҚШ-тағы Джонс Хопкинс универитетіндегі халықаралық зерттеу мектебінде тағлымдамадан өткен.  

Еңбек жолы:

1993-1994 жж. -  Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің маркетинг бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,баспа қоры атқарушы директорының орынбасары.   

1994-1995 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 ж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі консультанты.

1995-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің сараптау орталығы меңгерушісі.

2000-2005 жж. -  Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты директоры.

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 

2006 ж. -  «Хабар» Агенттігі» АҚ директорлар кеңесі төрағасы.

2006-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.  

2008-2010 жж. - «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы.

2009 жылдан баста -  «Астана жаңа университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2010 жылдан бастап  «Назарбаев Университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2012 жылдан бастап –  V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.   

2013 жылдың желтоқсанынан бастап «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық қорын басқарған. 

2018-2019 жж. - «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2019 жылдың 30 шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 

2019 жылдың 18 желтоқсанынан  - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2020 жылдың 4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Парламентінің спикері.  

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу