Асқар Мұратұлы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары 

18522
Асқар Мұратұлы

Асқар Маратұлы 1976 жылы туған. 

Білімі:

1998 жылы - Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы - Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998 ж. - Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы.  

1998-2007 жж. - «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры.

2007-2012 жж. -  Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

2012-2015 жж. - Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жж. – Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі. 

2017-2019 жж. – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

 2019 жылдың 3 сәуірінен бастап – Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу