Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  

20308
Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Бейбіт Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.  

Білімі:

1986 жылы – В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы – Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1985-1986 жж. – еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастаған.

1986-1991 жж. – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.

1991-2006 жж. –жекеменшік секторда, өнеркәсіп кәсіпорындары басшылығында жұмыс істеген.  

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2012-2014 гг. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 ж. қазан - 2018 ж. желтоқсан – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 ж. желтоқсан – 2019 ж.қыркүйек - ҚР Сыртқы істер министрі.

2019 ж. қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды.

2022 жылғы 31 қазанда Президент жарлығымыен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекеттік наградалары:  «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу