Аюпов Рашид Абатұллаұлы

Түркістан қаласының әкімі

6579
Аюпов Рашид Абатұллаұлы

Аюпов Рашид 1981 жылы дүниеге келген. 

Білімі:

Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер.

2015 ж. -  «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 

2006-2009 жж. –  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша Ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған.

2009-2013 жж. –  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен.

2015-2017 жж. -  Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы.

2017-2018 жж. –Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі «Нұр Отан» партиясының өкілі, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың 19 қыркүйегінен – 2019 жылдың 3 шілдесі -  SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген.

2019 жылдың 3 шілдесінен бастап – Түркістан қаласының әкімі. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу