Азамат Қайратұлы Кәрімов

Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды. 

2833
Азамат Қайратұлы Кәрімов Фото: gov.kz

Азамат Қайратұлы қазақ мемлекеттік заң университетін, Ресейдің мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.

Еңбек өтілі 2014 жылы «Қазпошта» АҚ бастау алды.

2014 -2015 жж -«Қазпошта» АҚ «Пошта қызметінің» бас маманы.

2015-2019 жж - Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінде кадрда қызмет етті.

2019-2020 жж – Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқарманың бас маманы.

2020-2021 жж -Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшы.

2021-2023 жж - Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы.

2023 ж - Қазақстан Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлім секторының меңгерушісі.

2024 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу