Азамат Қуатұлы Ахметов
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы.
5040 13.09.19, 12:28
Азамат Ахметов 1974 жылы дүниеге келген.
Білімі:
1996 ж. - Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруалық институты «Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1999 ж. - Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1996 жылдың мамыр айында Алматы қаласында «Перизат және өндірістік кәсіпорны» директоры қызметінен бастаған.
Әр жылдары коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген. ҚР мемлекеттік тергеу комитетінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қарағанды облысы бойынша кеден департаментінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылау комитетінде лауазымды қызметтер атқарған.
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары.
2008-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.
2014-2017 жж. -Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.
2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.
2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы.