Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
17666 06.02.23, 13:30
Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.
2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі.
2020 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы 27 маусымнан бастап – ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы.
2023 жылғы 6 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды