Әзірбаев Мұхит Бақытұлы
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
6462 08.04.19, 20:25
Мұхит Әзірбаев 1974 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі:
1997 ж. - Қазақ Мемлекеттік басқару академиясында (қазір Т. Рысқулов атындағы Қазақ экономикалық университеті деп аталады) оқыған, мамандығы - экономика менеджері.
Еңбек жолы:
1997-2003 жж. - Алматы мен Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкіде бастаған. Қатардағы қызметкер лауазымынан бастап, бес жылдың ішінде валюталық бөлімі бастығы болған.
2003-2006 жж. - Астана қаласындағы «Куат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры.
2006-2009 жж. - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг басқармасының бастығы, корпоративтік қарым-қатынас департаментінің директоры.
2009-2017 жж. - «Global Building Contract» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.
2017 жылдың шілдесі – 2019 жылдың наурызы - «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасы.
2019 жылдың наурыз - сәуірі – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарамысының басшысы.
2019 жылдың 8 сәуірінен – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Басқа да қызметтері:
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуелсіз директоры.
Қазақстанның қала құрылысы одағының вице-президенті.
Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінің мүшесі.
Алматы қаласы «ҚР құрылыс салаларының ұлттық қауымдастығы» өкілі.
Алматы қаласының жеңіл атлетика федерациясы президенті.