Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы
Алматы қаласының әкімі
14680 09.02.22, 21:33
Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
1991 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саясат тарихының оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1995-1966 жж. – Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, директоры.
1996 ж. – Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.
1996-2004 жж. – 2004 жылдың сәуір- қыркүйегі – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
2004 жылдың қыркүйегі – 2005 жылдың наурызы – ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2005 жылдың наурызы – 2006 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі.
2007 жылдың қазаны – 2008 жылдың мамыры – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
2008 жылдың мамыры – 2012 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары.
2012 жылдың қазаны – 2016 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
2016 жылдың маусымы – 2018 жылдың желтоқсаны – ҚР Премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары.
2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылдың 5 сәуірінен - 5 шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі.
2019 жылдың 5 шілдесінен бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медальдар.