Баеділов Қанат Ескендірұлы

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 

18862
Баеділов Қанат Ескендірұлы

Қанат Баеділов 1967 жылы 19 қарашада Алматы облысы Кеген селосында туған.

Білімі:

1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін

2003 жылы экономист мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі болып бастады.

1991-1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы.

1994-1996 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы.

1996-1998 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Басқарма бастығының орынбасары.

1998-1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы.

1999-2002 жылға дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2002-2003 жылға дейін Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2003-2008 жылға дейін Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2008-2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2009-2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті нің Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы.

2014-2017 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.

2017 жылғы 4 мамырдан Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2021 жылғы 14 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу