Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
773 19.07.23, 15:43
Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылы 29 тамыз күні Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
1992 - 2005 жж. ШҚО энергетика саласында қызмет етті.
2005 - 2008 жж. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары;
2009 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру - құқықтық жұмысы басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы;
2009 - 2010 жж. Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы;
2010 - 2014 жж. Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі;
2014 ж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі;
2014 - 2019 жж. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі;
2019-2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары;
2021-2022ж. Абай облысы, Семей қаласының әкімі лауазымын атқарды.
2022 жылдың 26 тамызынан бастап 2023 жылдың 14 қаңтарына дейін ҚР Парламентінің Сенат депутаты болды.
2023 жылғы 6 ақпаннан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
2023 жылғы шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды;
Марапаттары:
ҚР Президентінің 2020 жылдың 3 желтоқсанындағы № 461 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20» жыл мерекелік медалі;
ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашасындағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
ҚР Президентінің 2016 жылғы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;
ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
Төтенше жағдайлар Министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 3 бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;
ҚЭЭҚ еңбегі сіңген энергетигі атанды.