Байытов Қанат Құрмашұлы

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

3751
Байытов Қанат Құрмашұлы

Қанат Байытов 1968 жылы 2 қазанда дүниеге келген. 

Білімі:

1992 ж. - Қарағанды политехникалық институтын «тау инженері» мамандығы бойынша бітірген.

2004 ж. - Көкшетау экономика және менеджмент институтын «экономист-менеджер» мамандығы тәмамдаған.

2010 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында басқарушы қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкерлерді даярлау курстарынан өткен.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1992 жылы  «ҚазАлтын» ТКБК Бестөбе кенішіндегі №2 шахтаның жер асты тау-кен мастері болып бастаған, содан кейін  «ҚазАлтын» ТКБК Бестөбе кенішіндегі «Западная» шахтасының бас инженері. 1995-1999 жылдары — «ҚазақАлтын» АҚ Ақсу кенішінің «Капитальная» шахтасының бас инженері болған.

1999-2002 жж. - «Қамқор» ААҚ экономика және қаржы жөніндегі директор, Степногор қаласы.

2003 ж. - «Тұран Әлем банкі» ААҚ «Астана» филиалында 1 санаттағы маман, Степногор қаласы.

2003-2008 жж. - Центр кредит банкінің құрылымында жұмыс істеді.

2008-2009 жж.- «Өндіріс компания» ЖШС экономика және қаржы директорының орынбасары.

2009-2014 жж. – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы. 

2014 жылдың маусым- қазаны – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2019 жж. –  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

 2019 жылдың 8 мамырынан  -  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу