Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков

Бақытжан Жүнісбеков Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1282
Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған.

2004 жылы — Жамбыл облысы әкімдігінің «Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді салу және қалпына келтіру дирекциясы» МКК инженер-операторы.

2004-2005 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының инженер-механигі.

2005-2006 жылдары — Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы бөлімінің жетекші маманы.

2006-2010 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2010-2012 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы.

2012-2013 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Қаржы басқармасы бөлімінің бас маманы.

2013-2017 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

2017-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

2020-2022 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2022-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу