Балаева Аида Ғалымқызы
Мәдениет және ақпарат министрі
25616 02.09.23, 16:38
Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл кентінде дүниеге келген.
Білімі:
2000 ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
2007 ж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1999-2002 жж. – Алматы облыстық ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы.
2002-2004 жж. – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы.
2004 жылдың қаңтар-қыркүйегі - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы.
2004-2005 жж. – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының орынбасары.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директорының орынбасары.
2006-2008 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директоры.
2008-2010 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2010-2014 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылдың 22 шілдесінен - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2020 жылдың 4 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 18 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы